23 мау, 2021 сағат 14:31

Ақтау жағажайындағы жаппай төбелестің видеосы тарады


Әлеуметтік желіде Ақтаудағы жағажайлардың бірінде болған жаппай төбелестің видеосы тарады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға "Достар" жағажайында 22 маусымда болған. Бейнежазбадан күндізгі уақыт екенін және ер адамдарды ажыратуға тырысқан жұртты көре аламыз.

Үш жігіт Ақтау полициясына жеткізілді.

"Екеуі - кәмелеттік жасқа толмағандар. Олар Ақтау ювеналді полциясына табысталды, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" және 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.

Құқық қорғау органы қызметкерлері төбелестің өзге қатысушыларын анықтап жатыр.