Ақтау аспанындағы қою қара түтін жұрттың үрейін ұшырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін таңертең Ақтау қаласының маңындағы №4 Өнеркәсіптік аймақтың №20 учаскесінде болған.
Өрт сөндірушілер ашық аумақта автокөлік шиналарының жанып жатқанын анықтады.
Өрттің аумағы - 200 шаршы метр. Өртті сөндіруге үш техника мен жеке құрамнан 13 адам жұмылдырылған.
Ақтаулықтар әлеуметтік желілерде сурет пен видео жариялап жатыр.