09 там, 2021 сағат 12:30

Ақтау емханасының егу пунктінде ұзын-сонар кезек қалыптасты


Ақтаулықтар емханада орналасқан вакцинация пунктіндегі ұзын-сонар кезекке шағымданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлеуметтік желілерле коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келгендердің ұзан-сонар кезегі түсірілген видео тарауда. Анықталғандай, видео 8 тамызда 7-шағынаудандағы №1 Ақтау қалалық емханасында түсірілген.

«Неге вакцинация дұрыс ұйымдастырылмаған? Айтарға сөз жоқ», – дейді коронавирусқа қарсы екпе алғысы келетін жергілікті тұрғындардың бірі.

Ал облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға байланысты ақпарат берді. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, демалыс күндері Ақтауда екпе алғысы келетін тұрғындар саны күрт артқан. Әсіресе №1 қалалық емханада кезекте тұрғандар қарасы көбейген. 

«Қазіргі уақытта емханада үш егу кабинеті жұмыс істейді. Тағы бір кабинетті ашуға дайындап жатыр. Жағдай бақылауда», – делінген мәліметте.

Тұрғындарды кезекте күттірмес үшін дәрігерлер басқа емханаға баруға кеңес береді.