20 қар, 2023 сағат 15:48

Ақтау білім бөлімінің басшысы ұсталды

Фото: © Sputnik

Маңғыстау облысында Білім бөлімінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашты.

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесі бойынша Ақтау қаласы Білім бөлімінің басшысы әшкереленді.

Ол аз қамтылған отбасылардан шыққан отбасыларға тамақтандыру қызметтерін көрсету бойынша жасалған шарттар шеңберінде орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін, сондай-ақ ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша күдікке ілінді" - делінген хабарламада.

Агенттік мәліметінше, соттың санкциясымен күдікті қамауда ұсталады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.