31 мам, 2024 сағат 21:01

Ақшаны мұздатқышта сақтаған: Антикор Батыс Қазақстан медицина университетінің ректорын ұстады


Фото: ашық дереккөз


Антикор ректордың ұсталған сәті түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».


Видео департаменттің ресми Telegram-каналында жарияланды. Кадрлардан Антикор қызметкерлері пәтерді тінткенін көруге болады. Тергеушілер мұздатқыштан бір сөмке ақшаны тапқан. 


Еске салайық, бұған дейін Антикор Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры жемқорлық үшін күдікке ілінгенін хабарлаған еді.


Ол медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын кедергісіз аударғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 11,6 млн теңге көлемінде пара алған.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.