Иллюстрация: defense.gov
Ұлыбритания, АҚШ және Аустралия AUKUS қорғаныс саласындағы серіктестігі аясында электронды соғыс саласында ынтымақтасуға келісіп, гипердыбыстық қару жасайтындарын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның кеңсесі жаңа қорғаныс альянсы басшыларының телефон арқылы сөйлескенінен кейін хабарлады.
Британ үкіметінің веб-сайтында жарияланған ел басшыларының үш жақты мәлімдемесінде AUKUS басшылары Борис Джонсон, АҚШ президенті Джо Байден және Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон кәдімгі ядролық суасты қайықтарын құру бағдарламасының жүзеге асырылуына риза екені айтылған. Аустралия және одақтастар басқа салаларда ынтымақтасады.
"Бүгін біз сондай-ақ гипердыбыстық, антигиперсоникалық және электронды соғыс мүмкіндіктері бойынша жаңа үш жақты ынтымақтастықты бастауға міндеттеме алдық. Бұл бастамалар кибернетика, жасанды интеллект және кванттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша қолданыстағы күш-жігерімізді толықтырады", - делінген хабарламада.
Осылайша, көшбасшылар еркін және ашық Үнді-Тынық мұхиты аймағына деген адалдықтарын қуаттады. Мәлімдемеде Аустралия атомдық суасты қайығын жасағаны да айтылған.
"Біз Аустралиямен ядролық қаруды таратпаудың жаһандық режимін нығайтатын теңіз қозғалтқышы технологиясын алмасуға сенімді тәсілді әзірлеуге толықтай дайынбыз", - делінген хабарламада.
898 рет оқылды