04 сәу, 2025 сағат 11:20

АҚШ-тың бірнеше штатында жойқын торнадо болды

Сәрсенбі күні кешке АҚШ-тың Орталық және Оңтүстік штаттарында бірнеше торнадо болды.

Арканзас штатындағы Лейк-Сити қаласында жерге ірі торнадо түскен. Сондай-ақ Индиана штатының Браунсберг қаласында қоймаға қатты зақым келген. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ғимарат ішінде қалып қойған әйел құтқарылған. 

Шамамен 13 млн адамға торнадо қаупі туралы ескерту жасалған.