21 жел, 2016 сағат 08:34

АҚШ-тағы қордың азаюына байланысты мұнай қымбаттайды

- Американдық мұнай институты мен елдің Энергетика министрлігі АҚШ-тағы «қара алтын» қорының статистикасын жариялауы қарсаңында мұнайдың әлемдік құны артады.

  Сарапшылардың пікірінше, осы аптада «қара алтынның» қоры төмендеген. Сауда мәліметіне сүйенсек, 19.04 мск бойынша Brent маркалы солтүстікмұхиттағы мұнай қоспасының ақпандағы фьючерстерінің құны барреліне 1,55%-ға - 55,77 долларға өсті. WTI маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің құны барреліне 1,07%-ға - 53,63 долларға жетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Сәрсенбі күні АҚШ Энергетика министрлігі «қара алтын» қорының ресми статистикасын жариялайды.

Рейтер агенттігі жүргізген сауалнамаға қарағанда, сарапшылардың болжамынша  бір аптада қор 2,425 миллион баррельге кеміген немесе 0,5%-ға - 480,77 миллион баррельге дейін азайған. 9 желтоқсан күні аяқталған өткен апта да қордың күрт төмендегенін көрсетті.

Landesbank Baden-Wuerttemberg сарапшысы Фрэнк Кламптың (Frank Klumpp) пікірінше, Brent маркалы мұнайдың бағасы жақын апталарда барреліне 53-57 доллар аралығында болады.   

ҚазАқпарат