Дүйсенбі күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Уэст-Палм-Бич қаласына метеорит құлады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" USA Today-ға сілтеме жасап.
Американың American Meteor Society метеор қоғамының операциялық менеджері Майк Хэнки оның Жер атмосферасына кіргеннен кейін жалындаған болид екенін баяндады.
«Бұл – жарқын сәуле мен жарылыс дыбысын туындататын метеориттің ерекше түрі», - деді ол.
Хэнки аспан денесінің құлау жылдамдығы мен сипаттамаларына негізделіп, оның астероидтің бір бөлігі екенін шамалап отыр.
«Алайда бұл метеорит 2021 GW4 астероидінің бір бөлігі ме, жоқ па, белгісіз болып қалып отыр», - деді ол.
Gianluca Masi of VirtualTelescope.eu мәліметінше, 2021 GW4 астероиді дүйсенбі күні таңертең Жерден өте жақын қашықтық – 12430 миль жерде құлаған. Астероидті 8 сәуір күні Аризона штатының Леммон қаласында орналасқан Catalina Sky Survey телескопы анықтады.
Сондай-ақ, 16-25 сәуір күндері аралығында Лирида жұлдыз ағатын мезгіл өтетіні хабарланып отыр. EarthSky.org мәліметінше, оның үдемелі кезі, яғни 10-15 метеориттің құлауы 22 сәуірдің таңына қарай болжанып отыр.