29 сәу, 2020 сағат 04:48

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 1 миллионнан асты

Америка Құрама Штаттарында коронавирус жұқтырғандар саны 1 миллионнан асты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, АҚШ-та Covid-19 жұқтырғандар саны 1 миллионнан асып кетті. Америка - вирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орында тұр. Бұл ел наурыз айында науқастар саны жағынан Қытайдан озып кеткен болатын.

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны - 56 749. Бұл да - дүние жүзіндегі ең жоғары көрсеткіш.

Соған қарамастан Нью-Йорк мэрі Эндрю Куомо 15 мамырдан бастап штаттың бірқатар аудандарында локдаун режимі жеңілдейтінін мәлімдеді.