- Нью-Йорктағы Джейкоб Джавиц көрме орталығы алдындағы таблода сайлаушылар дауыстарының алдын ала есептері көрсетілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі АҚШ-тан.
Хиллари Клинтон сағат 21:00-де (Нью-Йорк уақыты) Дональд Трампты жеңді, Ол сайлаушылардың 66-68 дауысын жинады. Жалпы жеңіс үшін оған әлі АҚШ сайлаушыларының 270 дауысын жинау қажет.
Сағат 21:30-да (Нью-Йорк уақыты) Дональд Трамп сайлаушылардың 137 дауысын жинайды, бұл Хиллари Клинтондікінен 97 дауысқа артық.
Бірақ демократтар көшбасшысы Хиллари Нью-Йорк штатында, ал Дональд Трамп Техас және Арканзас штаттарында жеңіске қол жеткізді.
Сонымен қатар біздің Нью-Йорктағы тілшіміз мәлім еткендей, полиция америкалық миллиардерге тиесілі «Трамп Тауэр» ғимаратын қоршауға алды. Бұл ғимарат алдында наразылық бола қалған жағдайда қолданылатын тасқұм тиелген жүк машиналары тұр.
Кандидатты жалпы ұлттық сайлау барысында сайлаушылар алқасы, желтоқсанның екінші сәрсенбісінен кейінгі бірінші дүйсенбіде жиналады - бұл сайлаудың екінші кезеңі болады. Сайланушылардың жалпы жиналысы болмайды, олар өз қалаларында дауыс береді. Дауыс беру нәтижелері туралы сертификаттар содан кейін Конгресске жіберіледі. Қаңтарда екі палата да жиналады, олар сайлаушылар дауыстарын санайды және АҚШ президентіне сайлаудың ресми қорытындысын жариялайды.
Сайланушы азаматтар арасында белгілі бір беделге ие АҚШ азаматы бола алады. Бұл шатат тұрғындары өз мүдделерін білдіре алады деп сенім артқан адам болуы тиіс. Оны әрбір жекелеген штаттың партиялық басшысы тағайындайды.
Сайланушылар әдетте конгрессмендер, бұрынғы әскерилер немесе қандай да бір танымал тұлғалар болады.
Сайланушы мүлікті таратумен байланысты лауазымда бола алмайды. Бұл шектеу алқа мүшелері анағұрлым тәуелсіз және жан жақты болуы үшін енгізілген.
Президент 538 сайлаушылардың кемінде 270-і қолдаған кандидат болады.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://inform.kz/kz/aksh-prezidentinin-saylauy-algashky-natizheler_a2967653