АҚШ-тың экономикасы жеті жылдан бері өрлеу үстінде. Бұрынғы Президент Обама социал-демократтық бағыттағы саясат жүргізген. Обама Мексикадан және басқа елдерден иммигрант-жұмыссыздарды кіргізе берді. Себебі АҚШ экономикасы иммигранттарға тәуелді болатын.
АҚШ экономикасының өсуі, оның бірқатар салаларының жойылуына әкелді. Әсіресе ескі индустрия фабрикалары мен заводтары тоқтап жатыр. Сонымен АҚШ-тың өсуі постиндустриалдық бағытқа байланысты. Енді шойын өндіру, кейбір ескі индустриалық машина, трактор жасау салалар тоқтап тот басып Rust belt-ржавый пояс аталып келеді. Енді өзінің бағдарламасына сәйкес Трамп "Obama care" заңын жойды.
Америка Құрама Штаттарында - денсаулық сақтау реформасы 2010 жылы басталған. 20 млн адам қолжетімді медициналық көмек алатын болды, бірақ бұл медициналық көмек бюджетке ауыр тиген екен. Тағы бір жаңалық, Трамп АҚШ капиталы шет елдерге қашпасын деп, оған қарсы шаралар қолданбақ, иммигранттарды кіргізбейік, шекарадан шет ел тауары өтпесін деп үлкен баж-салық салып отыр. АҚШ капиталы шет елге кетпесін деп отыр. Бұл әрекеттер нарықтық принциптерді бұзушылық болады.
Трамп дөрекі мінезді миллиардер көрінеді: ол АҚШ-тың ірі баспасөзі және теледидарымен бір қабат жаңжалдасып алды, АҚШ сенаторларымен айқасып, сүйкімін тағы да кетірді. Әйелдерді кемсіте сөйлегені үшін оған қарсы үлкен шерулер жүрді. Сол шерулерде әлемге әйгілі әнші Мадонна оны үш мәрте боқтады: fucking you, fuck up деп. Ал бүкіл Америкаға қорланған Трамп оны Мадоннаны nasty woman деп атады. Бұл сөздердің аудармасы - противная женщина, қазақшасы жағымсыз әйел емес, одан да ауыр.
Тура айтқанда, кеше ғана Президент тағына отырған адам қатынмен қатынша айтысты. Тағы бір сорақылығы: Мен Путин мен қатынастарды жақсартам дегені. Ресейдің Украинаға шабуыл жасап, Қырымды тартып алғанын кешірмек екен. Европалық Одақ АҚШ-қа одақтас бола ма белгісіз деп, НАТО-ның болашағы неғайбыл деп жүр. Бұл да жаңа АҚШ президентінің аңдамай сөйлейтін адам екенін көрсетеді. АҚШ президентінің рейтинг-абыройы күрт төмен түсіп кетті. Ақылсыз дейін десең, ол осындай парасатпен қалай миллиардер болды деген сұрақ туындайды, сонда ол бұндай жүгенсіз мінезбен АҚШ-қа қалай президент болады? АҚШ елі оның жеке меншік корпорациясы емес қой.
Әзімбай Ғали,