Алабама штатында болған торнадо салдарынан бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды CNN телеарнасы.
Бейсенбі күні кешке штаттың бірнеше округінің 20 мыңнан астам тұрғыны электр қуатынсыз қалған. Ал Калхун округінде бес адам торнадо құрбаны болды, дейді шериф Мэттью Уэйд.
Бирмингем штатының ең үлкен қаласында 30-дан 50-ге дейін ғимарат қирады.
Жергілікті билік пен төтенше жағдайлар қызметі залалды бағалауды жалғастырып, зардап шеккендерді іздестіруде. Бұған дейін АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің Мамандандырылған бөлімі Алабама, Миссисипи және Теннессидегі торнадо қаупі туралы ескерткен болатын.