23 қар, 2016 сағат 12:31

Ақпарат министрлігінің «өзгеше ойлайтын» адамдарды бағып жүруге уақыты жоқ

- Алдағы уақытта Қазақстанның елордасы - Астана қаласының атауына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін қосу төңірегінде сан алуан талқылаулар болады.

Әсіресе, әлеуметтік желілерде аталған бастамаға қолдау білдірумен қатар, қарсылық айтатындар да болатыны xақ. Министрлік ондай адамдарды бақылай ма? Сарапшылардың бүгінгі кездесуінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осы сұраққа жауап берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Ондай адамдарға қатысты ешқандай жұмыс жүргізілмейді. Мынау былай ойлайды екен, анау былай ойлайды екен деп, оның санын санап отыратын біздің уақытымыз да, мақсатымыз да жоқ. Біздің басты мақсатымыз - мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмысты кеңінен түсіндіру. Ауыл шаруашылығы болсын, медицина болсын, спорт болсын, әр салада қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Біз бәрін түсінеміз, ол адамдар бүгін былай ойлайды, ертең басқаша ойлауы да әбден мүмкін. Әрқайсысын есептеп отырсақ, уақытымыз да, күшіміз де жетпейді", - деп атап көрсетті Д.Абаев.

Айта кетейік, Сарапшылардың бүгінгі кездесуінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ақпараттық қауіпсіздіктің осал тұсы турасында айтып берген болатын.

Сондай-ақ тәуелсіз отандық журналистикасына қатысты өз ойын білдірді.

Еске салайық, бүгін ҚР Парламентінің бірлескен отырысында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декларациясы» қабылданып, онда Елбасының есімін елорданың және еліміздің басқа да нысандарында көрсету ұсынылды.