Ақорданың баспасөз қызметі Facebook-тегі аккаунтында Мемлекет басшысының денсаулығына қатысты мәлімет таратты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев салқын тиіп сырқаттанып қалуына байланысты ем қабылдап жатыр.
«Жалпы, денсаулығына қатысты ешқандай алаңдаушылық жоқ», - деп жазды ол.
«Жұмыс кестесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы аптаның соңына дейін Мемлекет басшысының халықаралық шараларға қатысуы жоспарланып отырған жоқ. Еревандағы ҰҚШҰ отырысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қатысады. Президенттің жұмысы одан әрі әдеттегі кестеге сай жалғасатын болады», - деп толықтырды А.Үкібай.