28 ақп, 2025 сағат 15:14

Ақордада кадрлық ауыс-түйіс болды

Фото: Baq.kz

Президент әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Ult.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Шаймарданов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды. 

Сондай-ақ Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. 

Ал Әсет Ерғалиев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары болды.

Айта кетейік, Қанат Шарлапаев министр қызметінен босатылып жаңа лауазымға тағайындалған болатын.