
«Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 қарашадағы №224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаулыда отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынды.
Облыс тұрғындарына қоғамдық тамақтану орындарда ұйымдастырылатын көпшілік іс-шараларына (отбасылық, еске алу, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, дұға), оның ішінде үйде өткізілетін жиындарға баруға тыйым салынды.
Сонымен бірге, департамент мамандары алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне байланысты көпшілік шараларды, оның ішінде жаңа жылдық корпоративтерді өткізуге тыйым салынған ескертеді.
