Ақмола облысында улы газды анықтайтын сенсор құрылңының арқасында бес адамнан тұратын бүтін бір отбасы аман қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақсу кентінде түнгі уақытта жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Өрт кезінде үйде жалғыз басты әйел мен оның үш баласы және ағасы ұйықтап жатқан. Бұған дейін Степногор қалалық әкімінің қолдауымен «Өрт қауіпсіздігі күні» акциясы шеңберінде аталмыш үйге улы газды анықтайтын сенсор құрылғы орнатылыпты. Өрт шыққан кезде осы дабыл іске қосылып, жалғыз басты әйел мен оның үш баласы және ағасы құтқарылды.
«Оқиға орнына дереу Степногор қалалық құтқару-өрт сөндіру бөлімшесінің жеке құрамы мен күштері, «Степногор ЕПЗ» АҚ жұмысшылары жұмылдырылды. Өрт 28 шаршы метр аумақты шарпыды. Улы газды анықтайтын дачиктің арқасында бес адамнан тұратын бүтін бір отбасы сыртқа шығып аман қалды», - дейді ведомстводан.
Айталық, Ақмола облысында жылыту маусымы басталғаннан бері улы газды анықтайтын дачиктің 763 дачик орнатылған.