Фото: ашық дереккөз
Ақмола облысының прокурорлары 450 адамға 5 млрд теңге көлемінде заңсыз несие рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлайды Ult.kz.
Аталған дерек былтыр Зеренді ауданы прокурорының аудан халқымен кездесуі барысында анықталған.
Алаяқтардың құрбанына айналғандардың қатарында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын еліміздің өзге өңірлерінің тұрғындары да бар.
Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша 24 тұлға күдікті деп танылып, оның 15-і соттың санкциясымен қамаққа алынды.