Ақмола облысында үйінен шығып, қайтып оралмаған 25 жастағы ер адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы қарашаның 09-да Зеренді аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 32 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, бірге тұратын 30.03.1996 жылғы Валерий Николаевич Эповты іздеп табуға көмек сұрады.
Әйелдің сөзінше, Валерий 7 қараша кешкі сағат 20:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Содан бері хабарсыз.
Ол үстіне қара көк түсті қысқы куртка тоқылған қара бас киім, қара спорттық трико киген. Өзімен бірге, қара рюкзак, абоненттік нөмірі 8776-190-0309 «Самсунг» ұялы телефонын алған.
Бойы 168 см, дене бітімі орташа, шашы ақшыл қоңыр түсті, көзі қоңыр түсті, сақалы бар.
Арқасында «спаси и сохрани», сол қолының иық тұсында «freedom» деп жазылған татуировкасы бар.
«Қазіргі кезде іздестіру шараларына ПД мен Зеренді аудандық ПБ жеке құрамы тартылып, жоғалған адам іздеу жалғасуда», - деді ведомстводан.
Осы ретте, тәртіп сақшылары жоғалған адам туралы қандай да бір мәлімет болса, Ақмола облысының ПД КПБ 8(7162) 29-10-67, 29-10-68, 29-11-22, 8-701-465-66-55, Ақмола облыстық ПД кезекшілік бөліміне 8(7162) 29-10-07, 29-10-08 телефондары немесе 102 желісі арқылы хабарласуды сұрайды.