Ақмола облысының бас санитариялық дәрігерінің облыс аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы кезекті қаулысы шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жаңа Қаулы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұзарту және жеңілдету ықтималдығымен 2020 жылғы 13 қараша күні сағат 00:00-ден бастап:
• жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану және кәдеге жарату алгоритмін және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қамтамасыз етіледі;
• КВИ алдын алу және тарату жөніндегі іс-шараларға тартылған ұйымдарды және тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындарды қоспағанда, Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, Чайкино кенті, Станционный кенті аумағы бойынша сағат 21:00-ден сағат 06:00-ге дейін тұрғындардың жаяу және атокөлікпен жүріп–тұруына тыйым салынады. Ақмола облысының басқа өңірлеріндегі елді мекендер бойынша сағат 23:00-ден сағат 06:00-ге дейін тұрғындардың жаяу және автокөлікпен жүріп-тұруы шектеледі;
• отбасылық, естелік іс-шараларды (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады;
• облыс тұрғындарының қоғамдық тамақтану нысандарында (отбасылық, естелік іс-шаралар (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға), сондай-ақ үйде ұйымдастырылған көпшілік жиналатын іс-шараларға баруына тыйым салынады;
• шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге баруды қоспағанда, 65 жастан асқан адамдарға аса қажетті себептерсіз үйлерінен шықпауға кеңес беріледі.
• әлеуметтік қашықтықты және жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану мен кәдеге жаратуды сақтай отырып, ойын-сауық орындарынан басқа саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына топта 3 адамнан артық емес немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат беріледі;
• жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, (отбасы мүшелері) 30 адамнан артық жиналуға жол берілмейді.
• Көкшетау қаласының карантин аймағына Ақмола облысында тұрмайтын адамдардың ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар, оны алған сәттен бастап 3 тәуліктен аспаған анықтамасыз кіруіне тыйым салынады;
• Көкшетау қаласының карантиндік аймағының периметрі уақытша орнатылады, санитарлық бекеттерді орната отырып, қалаға кіру және шығу пункттерін белгілеу қамтамасыз етіледі;
• санитарлық бекеттердің қызметі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады;
• санитарлық бекеттерге қатыстырылған қызметтер қажетті құралдармен, тамақпен, электр қуатымен, жеке қорғаныш құралдармен жабдықтау қамтамасыз етіледі.
• көпшілік іс-шараларын (мерекелік, спорт көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, форум, конференция, семинар, көрме және т.б. өткізуге), отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады;
• ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, боулинг орталықтары, компьютер клубтары, түнгі клубтар, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және тағы басқалар), букмекер кеңселерінің және ересектер мен балаларға арналған өзге де ойын-сауық орындарының, кальян мекемелерінің (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі) қызметіне тыйым салынады;
• фудкорт, банкет залдарының қызметіне тыйым салынады;
• спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына тыйым салынады;
• бір мезгілде 20 қатысушыдан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған, бетпе-бет жиналыстар (отырыстар) өткізуге рұқсат беріледі;
• ашық ауадағы аттракцион қызметіне тыйым салынады;
• діни объектілердің (мешіт, шіркеу, собор, синагога және т. б.) қызметіне тыйым салынады;
• мәдениет объектілерінің (жеке, топпен репетиция), кітапханалар, мұражайлар қызметіне тыйым салынады;
• театр, кинотеатр қызметіне тыйым салынады;
• бекітілген кесте бойынша азық – түлік дүкендерінің жұмыс тәртібі сағат 09.00–ден 20.00-ге дейін шектеледі;
• Ақмола облысы Полиция департаменті бекіткен тізім бойынша Көкшетау қаласы бойынша такси қызметінің жүріп-тұруы (отбасы мүшелерін қоспағанда, 2 адамнан артық емес) сағат 21:00-ден 06.00-ге дейін шектеледі;
• келушілердің санын 30 %-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған, алаңы 500 ш.м-ден. Артық сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда объектілерінің, азық-түлік емес дүкендердің қызметі жұмыс күндері сағат 10:00-ден 19.00-ге дейін, сенбі күні сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін шектеледі. Олардың ішіндегі азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, жексенбі және мереке күндері қызметке тыйым салынады;
• келушілердің санын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарларының (базарлар үлгісіндегі сауда үйлері, сауда орталықтары, павильон, дүкен және т. б.) жұмыс күндері сағат 10:00-ден 19.00-ге дейін, сенбі күні сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін қызметі шектеледі. Жексенбі және мереке күндері қызметке тыйым салынады;
• сенбі, жексенбі және мереке күндері азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлардың жұмыс режимі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін шектеледі;
• көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбей, бір мезгілде 30 келушіден артық емес, 30 келушіге дейін орналастыра алатын объектілер үшін-есептік қуаттың 50%-ынан артық емес, үстел арасындағы қашықтық 2 метрден кем емес және келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтап, жұмыс тәртібі белгіленеді:
• Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, Чайкино кенті, Станционный кенті бойынша жұмыс күндері қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат беріледі. Сенбі, жексенбі және мереке күндері қызметке тыйым салу, жұмыс режимін сағат 08.00-ден 21.00-ге дейін шектей отырып, тек тамақ жеткізетін қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беріледі;
• Ақмола облысының қалған өңірлерінің елді мекендерінде қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін рұқсат беріледі.
• салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар және басқа да адамдар көп жиналуы мүмкін салтанатты, отбасылық, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, бір мезгілде 30 келушіден артық емес, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр және келушілер арасында кемінде 1 метр қашықтықты сақтай отырып, жұмыс режимін сағат 07.00-ден 21.00-ге дейін шектей отырып, балалар мен ересектерге арналған жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру шипажайлары, демалыс үйлері, оларда тұратын және жұмыс істейтін адамдарды тамақтандыру шартымен өнеркәсіптік кәсіпорындардың асханалары жанындағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беріледі.
• объект персоналы қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс, персонал қолғапсыз, бетпердесіз жұмыс істеуіне жол берілмейді, келушілерге қызмет көрсеткен кезде персоналдың (даяршылар) қолғапсыз және қорғау экрансыз жұмыс істеуіне рұқсат берілмейді;
• санитарлық нормаларға Сәйкестік актісі болған жағдайда, алдын ала жазылу бойынша, клиент залында (4 шаршы метрге 1 адам және оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілей отырып, кресло арасында кемінде 2 метр қашықтық) әлеуметтік қашықтықты сақталған жағдайда сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының және косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметіне жұмыс тәртібі сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат беріледі. Жексенбі күндері қызметке тыйым салынады;
• алдын ала жазылу бойынша топтарда 15 адамнан артық емес балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының қызметіне жұмыс тәртібі сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат беріледі;
• жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша келушілердің санын 50%-дан асырмай және бір адамға 5 шаршы метрден кем емес қамтамасыз ету кезінде фитнес-орталықтары, тренажер залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне жұмыс тәртібі сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат беріледі. Жексенбі күндері қызметке тыйым салынады;
• келушілердің санын 50%-дан асырмай және бір адамға 4 шаршы метрден кем емес орын арналған монша, сауна қызметіне жұмыс режимі сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат беріледі;
• ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға (топта 5 адамнан асырмай) жұмыс режимі сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат беріледі;
• Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорт базаларында тұру) жұмыс режимі сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат беріледі;
• жеке және топтық жаттығулар үшін спорт кешендерінің қызметіне 5 адамнан артық емес рұқсат беріледі;
• қоғамдық көліктің жұмысына (қарбалас сәтте автобустар санының артуы, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен өңдеу, барлық есіктердің ашылуы, отыратын орын саны бойынша толықтырылуы) жұмыс режимі жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 08:00-ден 10.00-ге дейін және 17.00-ден 20.00-ге дейін рұқсат беріледі. Жексенбі және мереке күндері қоғамдық көліктің жұмысын тоқтатылады;
• жеке автокөліктің өңірлер арасында жүруіне рұқсат беріледі;
• мемлекеттік органдар (ұйымдар, кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялар, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне жұмыс режимі сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін рұқсат беріледі. КВИ алдын алу және таралу жөніндегі іс-шараларға қатысатын ұйымдардан және тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындардан басқа, бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс атқарады (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болғанда);
• медициналық орталықтардың қызметіне (жазылу бойынша) рұқсат беріледі;
• туризм объектілері мен халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.) қызметіне толықтыруды 80%-дан асырмай, ҚР БМСД №57-қаулысының талаптары сақталған жағдайда рұқсат беріледі;
• дәріханалардың қызметіне рұқсат беріледі;
• үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіп кәсіпорындары қызметіне, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарына, ауыл және балық шаруашылығына, мал шаруашылығына рұқсат беріледі;
• (алдын ала жазылу бойынша көлік салонынд 2 клиенттен артық емес, ТҚС-да 3 клиенттен артық емес, тұрақты жұмыс орындары арасында кемінде 2 метр қашықтық болуы) жұмыс тәртібін сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін шектей отырып, келушілерге жанаспайтын қызмет түрлерін көрсету объектілеріне (көлік жуу, көлік жөндеу, тұрмыстық техника жөндеу және т.б.) рұқсат беріледі;
• бизнес-орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары қызметтері және т.б.), айырбастау пункттерінің, ломбардтардың жұмысын ұйымдастыруды;
• жұмыс кестесін Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, (бұдан әрі-ХҚКО), соның ішінде арнайы ХҚКО-ның жұмысы жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін белгілей отырып, ұйымдастырылады. Карантин шараларын қамтамасыз ету үшін ХҚКО-ға және арнайы ХҚКО-ға бару Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot 2.0 арқылы алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады;
• жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін шектей және онлайн форматта барынша қызмет көрсете отырып «Қазпочта» АҚ жұмысын ұйымдастырады;
• мемлекеттік көрсетілетін қызмет орталықтарында мемлекеттік кіріс ғимараттарының қызметі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) (түскі үзіліспен) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс уақытын шектей отырып, ұйымдастырылады.
• Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актілері негізінде уақыты мен санын шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беріледі;
• Көкшетау, Степногорск қалаларын, Атбасар, Бурабай, Жақсы аудандарын қоспағанда, 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап сыныптарда 15 балаға дейін контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға; ата-аналардың өтініші бойынша сыныптарда 15 балаға дейін жинақтауды сақтау кезінде жалпы білім беретін мектептерде 1-5 кезекші сыныптарда, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін оқытуға рұқсат беріледі;
• бір адамға жеке форматта су ауданы 5 ш.м. болуы тиіс, алдын ала жазылу бойынша хауыз қызметіне жұмыс режимі сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат беріледі. Жексенбі күндері тоқтатылады;
• бетперде режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парк, қорық, резерват және т.б.) баруға рұқсат беріледі;
• өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беріледі;
• арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат беріледі;
• бір мезгілде 30 адамнан асырмай жинақтай отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беріледі;
• қоғамдық көлікті, такси көліктерін, өнеркәсіптік аумақтарды, әуежайларды, балаларға арналған аула алаңдарын, азық-түлік және азық-түлік емес базарларда және басқа да қоғамдық орындарда санитарлық және дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі;
• қала маңындағы жолаушылар поездарын/электр поездардың қозғалысын, қалааралық облысішілік автобустар, микроавтобус қозғалысы жандандырылады;
• қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, COVID-19-дан (U07.1) және вирустық пневмониядан (U07.2) көз жұмған адамның мәйітін жерлеуді ұйымдастыру үшін әрбір ауданда (қалада) бригада құрылады;
• Көкшетау қаласының карантин аймағына Ақмола облысында тұрмайтын адамдардың ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар, оны алған сәттен бастап 3 тәуліктен аспаған анықтамасыз кіруіне тыйым салынады;
• Көкшетау қаласының әкімдігімен бірлесе Көкшетау қаласының карантиндік аймағының периметрін уақытша орнатуды, блок бекеттерін орната отырып, қалаға кіру және шығу пункттері белгіленеді;