18 мау, 2021 сағат 16:52

Ақмола облысының әкімі Көбейтұзды қорғауға қатысты пікір білдірді


Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көбейтұз көлін қорғауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өткен жылы бұл мәселе қоғамдық резонанс тудырды. Мемлекет басшысы бұл мәселеге назар аударды. Бұл көл ө біздің өңірдегі ерекше орындардың бірі. Осы орайда көлді сақтап қалу үшін ол жерде адамдар қызмет етті. Сол аумақта санитарлық, суды қорғау аумағын жасадық. Сонымен қатар, Экология министрлігімен бірлесе тиісті талдау жүргіздік. Ондағы су мен тұзда ауыр металдар көп екені анықталды. Сондықтан туристердің денсаулығы үшін аталған көлде болу қауіпсіз емес», - деді Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Бұл тұрғыда ол адамдарды Көбейтұзға барудан бас тартуды сұрады. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, жықында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарға Көбейтұзға бармауға кеңес берді. 

Ведомство басшысы Көбейтұздың суы мен тұзы адам ағзасына қауіп төндіруі мүмкін деген болжам айтты.