03 шіл, 2025 сағат 12:49

Ақмола облысында жасөспірім күмәнді жағдайда қайтыс болды

Фото: istockphoto.com


Ақмола облысының Зеренді ауданына қарасты Қызылсая ауылында 13 жастағы жасөспірім күмәнді жағдайда қайтыс болды. Қазіргі уақытта полиция өлімнің себебін анықтау үшін тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Ult.kz.


Облыстық полиция департаменті бұл факт бойынша тергеу басталғанын хабарлады. 


«Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.


Қайғылы жағдай 2 шілде күні болған. Жасөспірімнің денесін туыстары жазғы ас үйден тауып алған.