02 шіл, 2021 сағат 21:57

Ақмола облысында жанармай цистернасынан шыққан өрт сөндірілді


Ақмола облысының Жібек жолы ауылында өртенген цистерна жалыны толығымен сөндірілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының өрт сөндірушілері қатысқан. 

Оқиға орнында жеке құрамнан 17 адам, 3 қондырғы жұмыс істеді, оның екеуі - Нұр-Сұлтан қаласынан және 1 - Аршалы кентінен.

«Жолды полиция қызметкерлері жауып тастап, өрт сағат 19.21-де оқшауланып, сағат 19.41-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.