#
#
Дүйсенбі 08/03/2021

Ақмола облысында өрттен әкесі мен баласы қайтыс болды

  • 23.02.2021
  • 0
  • 137

Ақмола облысында өрт екі адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылы ақпанның 23-де сағат 03:55 минут шамасында Зеренді аудандық өрт сөндіру бөлімінің пультіне Алексеевка ауылындағы үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына Зеренді ауданының және Көкшетау қаласының өрт сөндіру жасақтары жіберілді. Өртті сөндіру және үйдің құрылымын бұзу барысында екі адамның денесі табылды. 

«Куәгерлердің сөзінше, қаза болған отағасы өрт кезінде екі баламен үйде болған. Ол балалардың бірін үйден алып шығып, екіншісін құтқармақшы болғанда үйден шыға алмай қалған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 20 адам және 5 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 05:00 минутта ауыздықталып, 06:40-та толық сөндірілді», - деді ведомстводан.

ТЖД баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде өрттің шығу себебі және адамдардың қаза болуына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, сот медициналық сараптама тағайындалып, өрт - техникалық зертхана зерттеу жүргізуде.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР