12 қар, 2020 сағат 20:00

Ақмола облысында карантиндік шектеулерді күшейту туралы қаулығы өзгерістер енгізілді

Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің облыс аумағында карантиндік шектеулерді күшейту туралы 2020 жылғы 10 қарашадағы №170-қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаулыдағы өзгерістер мен толықтырулар бойынша: 

– азық – түлік дүкендерінің жұмыс тәртібін сағат 07.00–ден 20.00-ге дейін шектеледі, 

– қоғамдық көліктің (қарбалас сәтте автобустар санының артуы, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен өңдеу, барлық есіктердің ашылуы, отыратын орын саны бойынша толықтырылуы) жұмыс режимі жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 07:00-ден 10.00-ге дейін және 17.00-ден 20.00-ге дейін рұқсат беріледі. Жексенбі және мереке күндері қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады.