03 қар, 2020 сағат 17:05

Ақмола облысында карантиндік шектеулер күшейтілді

Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің облыс аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оған сәйкес, 7 қараша, сағат 00:00-ден бастап: 

– Көкшетау қаласының карантиндік аймақ периметрі белгіленіп, санитарлық бекеттер орнатылады. Қалаға кіру және шығу пунктері белгіленеді; 

– облыс тұрғындары жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану және кәдеге жарату алгоритмін, кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет;

– стратегиялық объектілер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өндірістік процесін қамтамасыз ететін қызметкерлерді қоспағанда, сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін Ақмола облысының елді мекендерінде жүріп-тұру шектеледі;

– 65 жастан асқан адамдар аса қажетті себептерсіз үйлерінен шықпауы қажет;

– отбасылық, естелік іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, дұға жасау) және көпшілік жиналатын өзге де шараларды, соның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады;

– жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, (отбасы мүшелері) 30 адамнан артық жиналуға жол берілмейді; 

– азық-түлік дүкендерінің жұмыс тәртібі сағат 09.00–ден 20.00-ге дейін шектеледі;

– Ақмола облысы Полиция департаменті бекіткен тізім бойынша такси қызметінің жүріп-тұруы (салонда 2 адамнан артық емес) сағат 21:00-ден 06.00-ге дейін шектеледі;

– келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр аумақтан келетіндей, жалпы алаңы 800 шаршы метрден артық сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда объектілерінің қызметі жұмыс күндері сағат 10:00-ден 19.00-ге дейін шектеледі. Демалыс және мереке күндері жұмысы тоқтатылады; 

– келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр аумақтан келетіндей азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының (базарлар үлгісіндегі сауда үйлері, сауда орталықтары, павильон, дүкен және т. б.) қызметі жұмыс күндері сағат 10:00-ден 19.00-ге дейін шектеледі. Демалыс және мереке күндері тоқтатылады; 

– ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, боулинг орталықтары, компьютер клубтары, түнгі клубтар,жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және тағы басқалар), букмекер кеңселерінің және ересектер мен балаларға арналған өзге де ойын-сауық орындарының, кальян мекемелерінің (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі) қызметі тоқтатылады;

– фудкорт, банкет залдарының қызметі тоқтатылады;

– спортшылардың оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін Қазақстан Республикасы аумағынан шығыуна тыйым салынады;

– бетпе-бет жиналыстарды (отырыстарды) өткізуге тыйым салынады; 

– ашық ауадағы аттракцион қызметіне тыйым салынады; 

– діни объектілердің (мешіт, шіркеу, собор, синагога және т. б.) қызметі тоқтатылады;

– мәдениет объектілерінің (жеке, топпен репетиция), кітапханалар, мұражайлар, театрлар мен кинотеатрлар қызметі тоқтатылады;

 

Рұқсат беріледі: 

– әлеуметтік қашықтықты және жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану мен кәдеге жаратуды алгоритмін сақтай отырып, ойын-сауық орындарсыз саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына топта 3 адамнан артық емес немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат беріледі;

– ғимарат ішінде орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат беріледі. Сақталуы тиіс талаптар: нысанда көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шаралар өткізілмеуі қажет; бір мезгілде 30 келушіден артық болмауы тиіс; аумағы 30 келушіні орналастыруға есептелмеген нысандар толымдықты 50%-дан асырмауы қажет; үстелдер арасындағы 2 метр қашықтық сақталуы тиіс; келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтық сақталуы қажет. 

- демалыс күндері ҚР БМСД-нің №57-қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс режимін сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін шектей отырып, тамақ жеткізетін қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беріледі.

– әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен және келушілердің толтырылуы сақталған жағдайда сұлулық салондардың, шаштараздардың, СПА орталықтарының және косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметіне сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат беріледі. Жексенбі күндері тоқтатылады; 

– топтарда 15 адамнан артық емес балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының қызметіне сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат беріледі;

– келушілердің санын 50 пайыздан асырмай және бір адамға 5 шаршы метрден кем емес аумақты қамтамасыз ете отырып, фитнес-орталықтар, тренажер залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат беріледі. Жексенбі күндері тоқтатылады;

– келушілердің санын 50%-дан асырмай және бір адамға 4 шаршы метрден кем емес аумақтан келетіндей, монша, сауна қызметіне сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат беріледі;

– таза ауада жеке және топтық жаттығуларға (топта 5 адамнан асырмай) сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат беріледі;

– Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорт базаларында тұру) сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат беріледі;

– жеке және топтық жаттығулар үшін спорт кешендерінің қызметіне (5 адамнан артық емес) рұқсат беріледі;

– қоғамдық көліктің жұмысына (қарбалас сәтте автобустар санының артуы, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен өңдеу, барлық есіктердің ашылуы, отыратын орын саны бойынша толықтырылуы) сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін рұқсат беріледі. Демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік тоқтайды; 

– жеке автокөліктің өңірлер арасында жүруіне рұқсат беріледі;

– мемлекеттік органдар (ұйымдар, кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялар, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне жұмыс режимі сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін рұқсат беріледі. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80 пайызы қашықтықтан жұмыс атқарады (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болғанда);

– медициналық орталықтардың қызметіне (жазылу бойынша) рұқсат беріледі;

– туризм объектілері мен халықтың тұруы бойынша қызмет көрсетусаласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.) қызметіне толықтыруды 80 пайыздан асырмай, ҚР БМСД №57-қаулысының талаптары сақталған жағдайда рұқсат беріледі;