26 қар, 2020 сағат 13:58

Ақмола облысында карантин күшейтіліп, Көкшетау мен Степногор периметрі жабылды

Ақмола облысының бас санитариялық дәрігерінің облыс аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы кезекті Қаулысы шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жаңа Қаулы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұзарту және жеңілдету ықтималдығымен 2020 жылғы 28 қараша күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Оған сәйкес: 

• жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану және кәдеге жарату алгоритмін, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет;

• Көкшетау қаласы (Красный Яр ауылы, Чайкино, Станционный кенттерінің), Степногорск қаласының аумағы бойынша жүріп–тұруды сағат 21:00-ден сағат 06:00-ге дейін шектеледі. Ақмола облысының қалған елді мекендеріндеі жүріп-тұру сағат 23:00-ден сағат 06:00-ге дейін шектеледі; 

• отбасылық, естелік іс-шараларды (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады;

• облыс тұрғындарының қоғамдық тамақтану объектілерінде (отбасылық, естелік іс-шаралар (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға), сондай-ақ үйде ұйымдастырылған көпшілік жиналатын іс-шараларға баруына тыйым салынады;

• азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар, дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарын сатып алуға, шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге баруды қоспағанда, 65 жастан асқан адамдарға аса қажетті себептерсіз үйлерінен шықпауға кеңес беріледі;

• әлеуметтік қашықтықты және жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану мен кәдеге жаратуды сақтай отырып, ойын-сауық орындарсыз саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына топта 3 адамнан артық емес немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат беріледі;

• жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, (отбасы мүшелері) 30 адамнан артық жиналуға жол берілмейді;

• Көкшетау, Степногорск қалаларының карантиндік аймақтарына/аймақтарынан азаматтардың кіруіне/шығуына тыйым салынады;

• Көкшетау, Степногорск қалаларын қоспағанда, облыс тұрғындарының бір ауданнан/қаладан екінші ауданға/қалаға кедергісіз жүріп-тұруына рұқсат беріледі;

• санитариялық бекеттерден (жол парақтарын, жұмыс нарядтарын, жоспар–тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәліктерін көрсеткен кезде) мына тұлғаларға кедергісіз кіруге/шығуға рұқсат етіледі:

жолаушылар мен жүк тасымалдаушылары; вахта қызметкерлерін тасымалдайтын көлік құралдары; COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларына тартылған көлік пен адамдар, ұйымдар; тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындар (оның ішінде жабдықтарды баптау бойынша сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін кәсіпорындар), көлік пен адамдар, ұйымдар; «SSTOPCORONA.KZ» сайтында тіркелген, ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар, оны алған сәттен бастап 30 тәуліктен аспаған анықтама болған жағдайда Ақмола облысында тұрмайтын тамақ өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері, көлік пен адамдар; құқық белгілейтін құжаттарды ұсынған кезде қала сыртындағы үйлерге (саяжайларға) бару үшін тұрақты тұратын жеріне қайтып келетін адамдар мен облыс тұрғындары (бір отбасы мүшелері); 

• ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар, оны алған сәттен бастап 3 тәуліктен аспаған анықтама болған жағдайда, Ақмола облысында тұрмайтын адамдардың кіруіне; Көкшетау, Степногорск қалаларының полиция басқармасымен бірлесіп Көкшетау, Степногорск қалаларының карантиндік аймағының периметрін уақытша белгілеуді, санитариялық бекеттерді орната отырып, оған кіру/шығу пункттерін орнату қамтамасыз етіледі;

• көпшілік іс-шараларын (мерекелік, спорттық көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, форум, конференция, семинар, көрме және т.б. өткізуге), отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады;

• ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және тағы басқалар), букмекер кеңселерінің және ересектер мен балаларға арналған өзге де ойын-сауық орындарының, кальян мекемелерінің (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі) қызметіне тыйым салынады;

• фудкорт, банкет залдарының қызметіне тыйым салынады;

• спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығыуна тыйым салынады;

• ҚР БМСД-нің №58 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, (қашықтық форматында өткізуге мүмкіндік болмаған жағдайда) бетпе-бет жиналыстар (отырыстар) өткізуге рұқсат беріледі;

• діни объектілердің (мешіт, шіркеу, собор, синагога және т. б.) қызметі тоқтатылады;

• мәдениет объектілерінің (жеке, топпен репетиция), кітапханалар, мұражайлардің қызметі тоқтатылады;

• театр, кинотеатр қызметіне тыйым салынады;

• тұрақты емес қала маңындағы жолаушылар поездарының/электрпоездардың жүруіне тоқтата тұру, ортақ вагондарды, қалааралық, облысаралық, облысішілік автобус, микроавтобус тасымалдары қалыптастырылады;

• бекітілген кесте бойынша санитариялық күн өткізе отырып, Көкшетау қаласындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер жұмыс режимі сағат 07:00-ден 20:30-ға дейін, Ақмола облысының басқа елді мекендерінде сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін шектеледі;

• (елді мекеннен тыс) көлікке жанармай құю станцияларында орналасқан азық-түлік дүкендерінің жұмыс режимін сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін, тамақты тек сыртқа шығаруға сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін шектеледі;

• Көкшетау, Степногорск қалалары бойынша такси қызметін көрсету сағат 21:00-ден 06.00-ге дейін шектеледі (отбасы мүшелерін қоспағанда, 2 адамнан артық емес);

• келушілердің санын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған, алаңы 500 ш.м-ден. артық азық-түлік емес дүкендердің (жеке тұрған) қызметі жұмыс күндері сағат 09.00-ден 20.30-ға дейін шектеледі. Ақмола облысының қалған елді мекендерінде құрылыс материалдары мен қосалқы бөлшектерді (жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін және келушілердің санын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған) сататын дүкендерді, оның ішіндегі азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларын қоспағанда, жексенбі және мереке күндері қызметі тоқтатылады.