15 қаз, 2020 сағат 20:24

Ақмола облысында карантин күшейтілді

Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның карантиндік режимді күшейту туралы қаулысы шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қаулыға сәйкес: 

- 65 жастан асқан азаматтардың далаға шығуына шектеу енгізілді; 

- түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді (өңірдің көшелерінде жүру).

- демалыс күндері автобустардың жүруіне тыйым салынды; 

- такси екі адамнан артық тасымалдамауы тиіс; 

- саябақ, скверлерде 3 адамнан артық топ болып жүруге болмайды; 

- аумағы 1000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары, сауда, ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік емес дүкендердің жұмысы шектеледі. Жұмыс күндері сағат 19:00-ге дейін ашық болса, демалыс және мереке күндері жабық болады; 

- жұмыс күндері азық-түлік дүкендері мен жабық базарлардың жұмыс уақыты 17:00 дейін шектеледі. Демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді;

- азық-түлік дүкендері мен мейрамханалардың жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгіленді; 

- қоғамдық тамақтану орындары 30 келуші немесе сыйымдылығының 50 пайызын ғана қабылдауы тиіс;

- мемлекеттік органдар қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі; 

- ХҚО жұмыс кестесі шектеледі.

- фитнес-орталықтар сыйымдылығының 50 пайызын ғана қабылдауы тиіс;

- 5-тен 180-ге дейін оқушысы бар мектептерге сыныпта баланың санын 15-тен асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі; 

- пошталар сағат 14:00 дейін ғана жұмыс істейді.

Қаулы 2020 жылдың 16 қазанында сағат 00:00 күшіне енеді.