22 шіл, 2024 сағат 11:06

Ақмола облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады


Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақмола облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Сағат 18.54 Ақмола облысының Жарқайың ауданында АН-2 әуе кемесі апатқа ұшырады. Тіркеу нөмірі — UPA0141. Ұшақтың өртенуі орын алды. Бортта ұшқыш болды. Әуе кемесі "Бүркіт-Авиа" ЖШС-не тиесілі, -делінген хабарламада.


Оқиға орнында Ақмола облысы ТЖД күштері жұмылдырылып, өрт оқшауланды, алдын ала ақпарат бойынша адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. 

Осы оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрады. Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберіледі.