Фото: Pexels.com
Ақмола облысының Зеренді ауданында әкесі мен баласына найзағай түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Ult.kz.
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 37 жастағы ер адам мен оның 9 жасар ұлы найзағай басталған кезде мал бағып жүрген. Табиғат құбылысы екеуінің де өмірін жалмады.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тиісті шаралар жүргізілуде. Тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады", – деп хабарлады ведомство өкілдері.