07 ақп, 2024 сағат 10:15

Ақмола облысында 24 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан секірді

 

Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

Ақмола облысында 24 жастағы қыз қараусыз қалған үйдің тоғызыншы қабатынан секіріп, суицид жасады, деп хабарлайды Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай 5 ақпанда Бурабай кентінде болған.

«Биылғы жылдың 5 ақпанында Бурабай ауданында болған қыздың өз-өзіне қол салу дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын-ала анықталғандай, Бурабай ауылының 24 жастағы тұрғыны қараусыз қалған үйдің 9-шы қабатынан секіріп, суицид жасаған. Оқиға шамамен сағат 19:30 болды», -деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта тергеу аясында суицид жасаған адамның туыстары мен таныстары анықталып, болған оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында қоғам белсендісін өлтіргендер сотталғанын жазған едік.