21 там, 2025 сағат 17:50

Әкімдіктің бұрынғы қызметкерлері 46 млн теңге бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды

Фото: ашық дереккөз

2025 жылғы 3 ақпанда Петропавл қалалық соты қызмет бабын пайдаланып, алдын ала сөз байласу арқылы мемлекет қаржысын жымқырған үш азаматқа үкім шығарды, деп хабарлайды Ult.kz.

Сот мәліметінше, айыпталушылар алдау және сенімге қиянат жасау арқылы мемлекетке 46 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Айыпталушылар қылмысын мойындамағанымен, прокуратура бұлтартпас айғақтармен олардың кінәсін дәлелдеді.

Үш азамат 6,6 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, келтірілген материалдық шығын мемлекетке өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.