Фото: Азаттық Радиосы, Алма Қарашева
Әкімдік Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында көлік иелері газ бағасының көтерілуіне келіспейтіндіктерін білдіріп митингіге шықты. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жиналғандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, газ бағасы сұраныс пен ұсыныс бойынша реттелетінін түсіндірді", - делінген әкімдік хабарламасында.