Әкімдерді сайлау халыққа тегеуіріндік мандатын береді. Мұндай пікірді саясаттанушы Қазақстан блогерлері альянсының президенті Ғалым Байтұқ білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Халықтың сауалнама арқылы ауылдық окургтер мен қалалардың әкімдерін ауыстыра алатындығы жайында айтылғаны көңілімнен шықты. Яғни, бұл оларға қандай да бір тегеуіріндік мандатын қайтарады деген сөз. Егер әкім нашар жұмыс істесе, онда халықтың 30 пайызы Президентке хат жаза алады және Мемлекет басшысы бұл мәселені комиссия қарауына шығаратын болады. Егер бұл тетік жүзеге асырылар болса, онда өте ақсы болар еді», - деді ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына орай пікір білдіре келе.
Сонымен қатар ол депутаттар үшін аманаттық мандатты қайтару да дұрыс болар еді деген ойын білдірді.
«Бір мандатты округ бойынша сайлау болса... Біздің еліміздің шынайы жағдайында, ішкі саяси жағдайымызда бір мандатты округ бойынша сайлау биліктің өкілеттік органдарына тәуелсіз ой-пікірі бар адамдардың өту мүмкіншілігіне жол ашар еді деп санаймын», - деді Ғ.Байтұқ.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында әкімдердің тиімділігін халыққа бағалату жобасын енгізуді ұсынған болатын.