14 шіл, 2022 сағат 12:53

Әкімдер мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылауды жоғалтты - Тоқаев


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қаржысын дұрыс пайдаланбайтын әкімдерді сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тұрақтандыру қорларының қызметі тиімділігі төмен болып отыр. Олардың нарыққа әсері аз. Кейде олар жосықсыз адамдарға жем болады. Мұны түсіну керек. Бюджеттік жымқыру фактілері үнемі анықталып жатыр. Әкімдер мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылауды жоғалтты.

Үкімет "айналым схемасының" көлемін 100 миллиард теңгеге дейін ұлғайтуды ұсынып отыр. Менде бір сұрақ бар. Күтілетін нәтиже есептелді ме? Бөлшек сауда желілеріне емес, тікелей өндірушілерге несие беру қисынды болар еді. Қазір Үкіметтің жауабын күтпеймін. Тиімділік тұрғысынан түпкілікті шешім туралы ойлану керек", - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.