25 шіл, 2021 сағат 16:08

Әкім сайлауы: Қостанайлықтардың 63,7%-ы өз таңдауын жасады


Сайлауға қатысып жатқан Қостанай облысына қарасты ауыл тұрғындарының 63,7%-ы дауыс берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Облыстық сайлау комиссиясының сағат 14:00-дегі мәліметіне сәйкес, Қостанай облысы бойынша дауыс берушілердің 63,7%-ы өз таңдауын жасады. Ауыл әкімдерінің сайлауы ҚР Конституциясы мен Сайлау туралы заңның талаптарына сай жүріп жатыр», - деді Қостанай облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Әсия Дуанбаева «Хабар24» телеарнасының тікелей эфирінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Қостанай облысы бойынша ауыл әкімдері сайлауында сағат 14:00-дегі дауыс беру қарқыны: 

Алтынсарин ауданы - 63% 

Амангелді ауданы – 63,1% 

Әулиекөл ауданы – 59,5% 

Денисов ауданы - 53,5% 

Жанкелді ауданы - 63,4% 

Жітіқара ауданы – 66,2% 

Қамысты ауданы – 62,2% 

Қарабалық ауданы – 65,8% 

Қарасу ауданы – 64,4% 

Қостанай ауданы – 55,7% 

Меңдіқара ауданы – 68,3% 

Наурызым ауданы – 63,6% 

Сарыкөл ауданы – 74,4% 

Б. Майлин ауданы – 62,3% 

Ұзынкөл ауданы – 63,8% 

Федоров ауданы – 67,6% 

Арқалық қаласы – 63,7% 

Лисаковск қаласы – 62,1% 

Рудный қаласы – 66,8%