#
#
Сейсенбі 24/11/2020

Ахметов оқушылардың коронавирус жұқтыру жағдайларына түсінік берді

  • 20.11.2020
  • 0
  • 135

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдегі мектеп оқушылары коронавирусты көбіне үй жағдайында жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өңірде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты күрделі жағдай сақталып отыр. COVID-19 алғашқы оқиғасы тіркелген сәттен бастап, 14 402 жұқтыру жағдайы тіркелді. Облыс ауруханаларында бүгін 659 адам жатыр. Аптасына орташа өсу қарқыны 1,7 пайызды құрайды», - деді әкім бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

Сонымен қатар ол оқушылардың індетке шалдығу жағдайына қатысты тоқталды. 

«Өкінішке қарай, оқу басталғаннан бері облыста оқушылар арасында коронавирустың 410 оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 291 оқушы қашықтан, 119 оқушы 93 мектепте штаттық режимде оқыды. Індет табылғаннан кейін барлық мектептер жабылып, оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылды. Вирус көбінесе үй жағдайында жұққан. Бүгінгі таңда облыс ауруханаларында оқушылар жоқ», - деді Даниал Ахметов. 

Оның айтуынша, толық медициналық жабдықталған 6,2 мың төсек-орын дайындалды. Инфекциялық бөлімдердегі емделушілер оксигенотерапиямен жүз процент қамтылған. 

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы коронавирус жұқтыру жағдайлары бойынша «қызыл аймаққа» енген.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар