04 қаз, 2019 сағат 17:19

АХҚО қызметін әлемнің 250 компаниясы пайдаланады - Қайрат Келімбетов

26 елдің 250-ден астам компаниясы АХҚО қызметін пайдаланады. Бұл туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде 26 мемлекеттің 250-ден астам компаниясы тіркелді. Олар сапасы мен саны жағынан әртүрлі. Ірі компаниялар, әлемдік коммерциялық банктер бар. Араларында жаңа технологиялары енді қолданып жүргендер кездеседі. Бірақ біз 10 жыл ішінде компаниялар санынын 1000-ға жеткізуді көздеп отырмыз», - деді Қ.Келімбетов Алматыдағы қаржыгерлер форумында.

«Халықаралық қаржы орталығы аясында, инвесторлар талабына жауап беретін платформаның бірнеше деңгейлері бар. Біріншіден, бұл құқықтық алаң. ТМД елдері арасында біз жеке құқықтың қағидаттары мен нормаларына негізделген жеке коммерциялық, келісімшарттық заңды қолданатын жалғыз елміз.

Екінші бағыт - реттегіш. Біз өзіміздің реттеушімізді құрдық. Бұл қаржы институттарын тіркеуге және қаржылық лицензия беруге мүмкіндік береді.

Құқықтық ортадан кейін біз ұсынатын өте маңызды деңгей - қаржылық платформа. Сіздер америкалық компаниямен бірлескен жаңа биржаның құрылғанын білесіз. Біз әлемдегі екінші биржамыз және өз технологиямызды белсенді түрде таратудамыз. Бұл маңызды қадам болды, өйткені капитал нарығын қайта бастау үшін бізге банктік несиелендіру ғана емес, сонымен қатар капитал нарығында қаржыландырудың жаңа құралы қажет», - деп толықтырды Келімбетов.

Сонымен қатар, ол түрлі инвестициялық қорларға лицензия берілетіндігін атап өтті. Жуырда қазақстандық жеке инвестициялар қоры құрылды. Бүгінгі таңда жарғылық капиталда 70 миллиард теңге бар.

«Бүгін біз платформамыздың бірнеше деңгейін біріктіргіміз келеді. Ол қаржылық, заңдық, технологиялық бөлім бұл бізге алға жылжу құқығын береді», - деді АХҚО басқарушысы.

Айта кету керек, Алматыда АХҚО халықаралық инвесторлар апталығы өтіп жатыр. Оған «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), мемлекеттік органдар, сонымен қатар Алматы қаласының іскер және академиялық орта өкілдері қатысуда. Бұған дейін форум Түркістанда өткен болатын.