16 қаз, 2025 сағат 11:20

Әкелі-балалы Долгалёв "Обухов" кен орнында заңсыз өндіру ісі бойынша сотталды


Фото: aikyn.kz

Павлодар облысының соты Виктор мен Данила Долгалёвты 917 мың тоннадан астам титан-цирконий кенін заңсыз өндірді деп айыпты деп таныды. Бұл туралы Informburo.kz-ке сілтеме жасап Ult.kz хабарлайды.

Мемлекетке келтірілген залал шамамен 4 триллион теңге. Кен өндіру келісімшарт бұзылғаннан кейін де бақылаудағы құрылымдар арқылы жалғасқан, ал экспорт Қытай мен басқа елдерге «көлеңкелі» схемалармен жүзеге асырылған.

Сот үкімі бойынша:

Виктор Долгалёв — 11 жылға бас бостандығынан айырылды;

Данила Долгалёв рақымшылықты ескере отырып, 4 жыл 9 айға сотталды;

Адвокат пен делдал пара беруге итермелеу және алаяқтық үшін әрқайсысы 10 жыл алды.

Істе Тайынша ауданының әкімдігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жәбірленуші ретінде танылды. Олардың 4 триллион теңгеге берілген талап-арызы толық қанағаттандырылды.

Бұған дейін іс Солтүстік Қазақстан облысында алқа билердің қатысуымен қаралған, алайда ақтау үкімі апелляция сатысында күшін жойған еді.