17 нау, 2022 сағат 17:15

Ақберен Елгезек "жаңа облысқа әкім болғаны" туралы хабарға жауап берді


Әлеуметтік желілерде белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек "Абай облысының әкімі болды" деген ақпарат тарады. Бұл хабарға қатысты қаламгердің өзі жауап берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Телефоныма тыным болмай кетті. Бәріне жауап беру мүмкін емес. Ағайын, бұл - фейк ақпарат. Баршаңыздың тілектеріңізден айналдым! Біз - жазушы адамбыз. Саясатпен саясаткерлер айналыссын. Біздің мұрат - мәңгілік құндылықтар руханиятқа, әдебиетке қолдан келгенше қалтқысыз қызмет ету", - деп жазды ол Facebook-парақшасында.