Танымал айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа ұшырайтын әйелдерге ән арнады.
Қос өнерпаз танымал әндердің мақамымен әйелдерге арнау айтты.
“Үйлерді құлатып жатқан тасқын суға тосқауыл қоямыз деп сыртта жүрсек те, шаңырақты құлатып жүрген еркектерге ой салсақ деп осы тақырыпқа да тоқталдық”, – деп жазды айтыскер ақын Бұлғақов.
Жақсыда жаттық болар ма,
Жаманға көңілің толар ма?!
Ақ келін болып аттандың,
Ақ кебінменен оралма!”, – деп жырлады өнер иелері.