17 жел, 2025 сағат 12:10

Air Astana ұшақ Алматы әуежайына неліктен қайта оралғанын түсіндірді

Фото: ашық дереккөз

17 желтоқсанда Алматы – Астана бағыты бойынша KC 851 рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының ұшағы борттағы кондициялау жүйесінен сипатсыз иіс шығуына байланысты ұшу әуежайына қайта оралды, деп хабарлайды Ult.kz.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесінің командирі Алматыға кері қону туралы шешім қабылдаған. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 07:40-та штаттық режимде сәтті қонды.

Әуе компаниясының мәліметінше, жолаушыларға ыстық және салқын сусындар, сондай-ақ жеңіл тағамдар ұсынылған. Олар Астанаға басқа әуе кемесімен сағат 10:15-те жөнелтіледі.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты әуе кемесіне жоспарлы техникалық тексеру жүргізілуде.