13 қаң, 2025 сағат 18:22

Air Astana сотта жеңілді: Әуежайда жалғыз қалған қызға өтемақы төленетін болды


Фото: Freepik.com 

Air Astana 12 жастағы Зере Ғалиева есімді қыз баланың ісі бойынша аппеляциядан ұтылды. Бұл туралы баланың адвокаты Данильхан Шағатаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Бүгін Air Astana-ның Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының шешіміне түсірген аппеляциялық шағымын қарау аяқталды.

"Тасымалдаушы моральдық өтемақыны 5 миллионнан 1,5 миллион теңгеге дейін төмендетуді сұрады. Алайда Алматы қалалық сотының сот алқасы апелляциялық шағымды қанағаттандырудан бас тартып, бірінші соттың шешімін күшінде қалдырды", – деп мәлімдеді отбасының адвокаты Данильхан Шағатаев.


"Зере Ғалиеваның анасы алғашқы сот үкім еткендей 5 млн теңге моральдық шығын алады деген сөз, - дейді адвокат.

Қорғаушы осы бір даулы істің нүктесі қойылып, онда жеңіп шыққандарына қуанышты екенін жеткізген. 

Оның сөзінше сот қаулысы заңды күшіне енді. Бұл кейс алдағы уақытта жақсы үлгі болатыны сөзсіз.

Еске салсақ, былтыр шілдеда FlyArystan лоукостерінің рейсіне Оралға ұшпақ болған 12 жастағы қыз жіберілмей, Астана әуежайында жалғыз қалғаны айтылған. Бұл оның ата-анасының наразылығын туғызып, FlyArystan лоукостері қарасты Air Astana әуе компаниясын сотқа берген.