08 там, 2025 сағат 14:50

АЭС-ке бөлінетін қаржы 15 млрд долларға дейін ұлғаюы мүмкін

Фото: АЭС құрылысының басталуына ресми рұқсат берген түймені басу рәсімінен/Ұйымдастырушылардан

Қазақстандағы атом электр станциясы (АЭС) жобасының құны 15 млрд долларға дейін жетуі ықтимал. Бұған қоса, әлеуметтік нысандар құрылысына қосымша 1 млрд доллар бөлінеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл туралы АЭС құрылысының басталуына арналған салтанатты шарада ҚР Атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.


Фото: Алмасадам Сәтқалиев/Ұйымдастырушылардан

Оның айтуынша, жоба аясында әлеуметтік нысандармен қатар заманауи инфрақұрылым да салынады.

Сәтқалиевтің сөзінше, қазақстандық кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдар құрылыс жұмыстарына белсенді қатысады.