03 қыр, 2024 сағат 15:53

АЭС бойынша референдум өткізуге мембюджеттен 15,5 млрд теңге жұмсалатын болды

Фото: pexels.com

Бүгін орталық комиссия Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум ұйымдастыру мен өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсау жоспарланғанын хабарлады, деп жазады "Ұлт ақпарат".

"Конституциялық заңның 28-бабына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы шығындардың шамамен есептік сметасын әзірлеп, оны қарау үшін үкіметке ұсынады. Бүгін таңертең жарлық жарияланғаннан кейін бұл міндет орындалды. Мемлекет басшысы референдумның болжамды мерзімдерін бірнеше рет атап өткендіктен, біз алдын ала дайындалып, жалпы шығындар сомасын есептедік, ол біздің есептік сметамызға сәйкес 15,5 миллиард теңгені құрайды", - деді орталық комиссия мүшесі Сәбила Мұстафина.


Оның айтуынша, бұл сомаға 63 елде орналасқан 78 шетелдік сайлау учаскесінде республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу шығындары да кіреді.

"Бұл сметада жалпы соманың 71%-ы барлық органның комиссия мүшелерінің еңбекақысына арналған - олардың саны 70 мыңнан асады. Қалған 29%-ы басқа ұйымдастыру шығындарына - ақпараттық сүйемелдеу, бюллетеньдер дайындау, баспа өнімдері, кеңсе тауарлары және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті барлық заттарға бөлінген", - деп мәлімдеді спикер.