18 нау, 2022 сағат 11:23

Әділет министрі Конституциялық сот қашан құрылатынын айтты


ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Конституциялық сот құру үшін қандай заңнамалық өзгерістер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Конституциялық сот құру үшін әуелі Конституцияға өзгерістер енігізілуі керек. Өйткені ондай органдар Конституцияда көрсетілуі керек. Конституцияға өзгерістер енгізгеннен кейін Конституциялық сот туралы бөлек конституциялық заң қабылданады», - деген министр аталған заңнамалық өзгерістер жыл соңына дейін қабылдануы керектігін түсіндірді. 

«Конституциялық соттың төрағасын кім тағайындайтыны, Парламенттің сайлауы арқылы тағайындала ма, бұл сұрақтың бәрін осы заңды әзірлеген кезде белгілі болады. Әлі заң жоқ болғандықтан, қазір қалай болатынын ешкім айта алмайды. 

Жыл соңына дейін Конституцияға бүкіл өзгерулер мен түзетулер, қажетті конституциялық заңдар, басқа да заңдар әзірленіп, қабылдануы керек, одан кейін барып Конституциялық сот құрылады», - деді Қанат Мусин.