27 қыр, 2023 сағат 18:22

Әділбек Мусин Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Әділбек Мусин Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақ спортшысы 100 метрге butterfly әдісімен жүзу бәсекесінде мәреге үшінші болып келді (51.86 секунд - ред.).

Алтын медальді 51.13 секунд көрсеткішімен жапон Кацухиро Мацумото женіп алса, күмісті 51.24 секунд көрсеткішімен қытай спортшысы Чангхао Ванг иеленді.

Айта кетейік, жерлесіміз 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында да 2 мәрте қола жүлдені місе тұтқан.