Фото: ұйымдастырушылардан
Кезекті рет өтізілетін «Miss Qazaqstan» сұлулық байқауының биыл тұжырымдамасы түбегейлі өзгерді дейді ұйымдастырушылар. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.
Байқау директоры Айжан Рузаеваның айтуынша, «Miss Qazaqstan» сұлулық байқауы енді әйелдердің даму алаңына айналмақ. Мұны биылғы маусымның ұраны да (The Art Of Being A Woman), жеңімпазға берілетін басты сыйлық – Еуразия технологиялық университетінде (ЕТУ) кез келген мамандық бойынша оқуға берілетін грант та растайды.
Байқаудың PR-директоры Гүлім Советқан заманауи ару әдемі болып қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік шараларға араласуы, шығармашыл, ақылды, өзін-өзі қамтамасыз ете алатын және тәуелсіз болуы маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар ол финалға бір апта ғана қалғанын айтып, қазақстандықтрды сүйікті қатысушысы үшін әлеуметтік желіде дауыс беруге шақырды.
"Біз өтінім берген екі мың қыздың арасынан біз 20 үздік финалистті таңдадық. Олар – үздік шоу-бағдарламаға қатысу үшін осы уақыт бойы дефиле, хореография және шешендік өнерді ыждағаттылықпен жасағандар", - деді ол.
Фото: ұйымдастырушылардан
«Miss Qazaqstan» жаңа қайырымдылық қорының жетекшісі Рамина Ибрагимова қазір байқауға қатысушылар экологиялық науқандарды, әлеуметтік шараларды және қайырымдылықты белсенді түрде қолдайтынын айтты. Оның айтуынша, бұл халықаралық жарыстардың да талабы болып саналады.
"Ал осы маусымның жеңімпазы бір жыл бойы менімен қайырымдылық шараларында иық тіресе жұмыс істеуге мүмкіндік алады", - деді ол.
Фото: ұйымдастырушылардан
Өткен маусымның жеңімпазы және байқаудың жаңадан тағайындалған кастинг-директоры Мадина Әлмұханова жақында өткен «Әлем аруы» байқауынан алған әсерін айтып, өмірінде болған өзгерістерге тоқталды.
"Бір жыл бұрын мен өзім байқаудың қатысушысы болдым және қазір қатысушылардың қандай эмоционалдық және психологиялық қиындықтардан өтіп жатқанын жақсы түсінемін. Мен оларға көмектесіп, қолдау көрсете алғаныма қуаныштымын", - деді Мадина Әлмұханова.
"Miss Qazaqstan 2024" ұлттық сұлулық байқауының гранд-финалы 5 желтоқсанда Queen Almaty мейрамхана кешенінде өтеді.