Фото: ашық дереккөз
Алматы қаласында Almaty Theatre сахнасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ұйымдастыруымен «Құрмет» орденінің иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, көрнекті дирижер, дарынды күйші, оркестрдің бас дирижері Абылай Тілепбергеннің «СЕРПІН» атты жеке шығармашылық концерті өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
Кеште Құрманғазының төкпе күйлері мен Тәттімбеттің шертпе дәстүрін жаңаша пайымда ұсынылды. Абылай Тілепбергеннің жеке орындауындағы және ұлттық оркестрмен бірлескен шығармалары көрермен көңілінен шықты. Ұлттық музыка өнерінің алтын қорына енген таңдаулы күйлер мен оркестрлік өңдеудегі туындылар тың интерпретацияда орындалды.
Концертке Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген арнайы қонақтардың қатарында болды. Олар бір сахнада өнер көрсетіп, жан тебірентер күйлерді бірге орындады.
Іс-шарада ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, сазгер Ренат Гайсин, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры солистері мен Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі әртістері және домбырашылар тобы өнер көрсетті.
